Конкурс жариялайды

Қарағанды облысы Білім басқармасы Ұлытау ауданы білім бөлімінің «Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.

Негізгі бағыты: Жалпы орта білім беру. Орналасқан орны (мекенжайы): Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті, Сәтбаев көшесі, 72 үй.

Азаматтық қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

санаты 1 жылға дейін 25 жылдан кейін
А1-3 90786 110075

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «шебер-педагог» санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттары:

Білім беруді басқару органы хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

11) мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Осы құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау; Конкурстың бірінші кезеңінде білім беруді басқару органының комиссиясы үш жұмыс күні ішінде осы қағидалардың 12-тармағына сәйкес құжаттарға біліктілік бағалауын жүргізеді.

2) мектептің қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

Конкурстың екінші кезеңінде конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау қорытындысы бойынша білім беруді басқару органының комиссиясы екі жұмыс күні ішінде қамқоршылық кеңеске бос лауазымға орналасуға кандидаттардың тізімін жолдайды.

Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды қамқоршылық кеңес отырысының өткізілу күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.

Қамқоршылық кеңес кандидатты хабардар еткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және бос лауазымға орналасуға кандидаттың қатысуымен отырыс өткізеді.

Қамқоршылық кеңестің отырысына кандидат мектепті дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.

Қамқоршылық кеңес отырыс қорытындылары бойынша білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына кандидатуралар бойынша хаттамалық шешім шығарады.

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы білім беруді басқару органына отырыс өткен күннен кейін келесі күні ұсынылады.

Егер қамқоршылық кеңесімен орта білім беру ұйымы басшысының лауазымына кандидаттар анықталмаған болса, онда білім беруді басқару органы конкурсты өтпеді деп таниды және конкурсты қайта өткізу туралы шешім шығарады.

Қамқоршылық кеңес кандидаттарды айқындаған жағдайда білім беру мекемесі ведомствосы және қарамағында болып табылатын білім беруді басқару органының комиссиясы облыстың білім басқармасына келісуге жолдайды.

3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;

4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден және әңгімелесуден өтеді.

Орта білім беру мекемесі басшысының функционалдық міндеттері: Педагогикалық қызметкерлердің күнделікті және алдағы қызметінің жұмысын ұйымдастырады.

Дамыту процесін оның статусына сәйкес мақсатты түрде бағдарлауды, оқу – тәрбие және әкімшілік – шаруашылық процестерін жүйелі түрде ұйымдастыру, оларды басқару және бұл процестердің даму барысына бақылау жасау. Өз орынбасарларына олардың құзіреттері аясында өкілдік беру. Сыртқы ұйымдармен байланыс орнату.

  • Оқушылар сабақтарының кестесін, жұмыс графиктерін және қызметкерлерінің педагогикалық жүктемелерін, кезекті еңбек демалыстарының тарифтік тізімдері мен графиктерін құрады.
  • Ішкі еңбек тәртібі ережелерін және кәсіподақ уәждемелі пікірін ескере отырып, жұмыскерлер мен оқушыларға арналған функциялық міндеттерді; белгіленген тәртіп бойынша нұсқаулықтардың қайта қаралуын ұйымдастырады.

— Қызметі мен оның дамуына байланысты стратегиялық құжаттарды, құрылымдары мен бөлімшелеріне арналған нормативтік құжаттарды, басқару құрылымын, жоғары тұрған органдармен келісе отырып, жалақы қоры аясындағы штат кестесін, қажетті нормативтік кестелерді, қызметі барысын бақылау жүйесін, кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау және орналастыру ісін, педагог кадрлардың біліктілігі мен кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жасалатын жағдайларды жоспарлап, ұйымдастырады.

— Іс-қағаздарын, бухгалтерлік есепті және статистикалық есептілік құжаттарын жүргізуді қадағалайды.

— Даму, білім беру бағдарламалары, оқу курстары, оқу пәндері, жоспарлары, жылдық күнтізбелік оқу графиктері, ішкі еңбек тәртібі, ережелері және басқа да нормативтік актілері мен оқу — әдістемелік құжаттары әзірленуін, бекітілуін және орындалуының бақылануын, ұжымдық шарттың орындалуын, құжаттамалардың қатаң есептілікпен тіркелуін, сақталуын және берілуін қамтамасыз етеді.

Оқытушылардың оқу-әдістемелік құжаттарын, оқу жоспары мен бағдарламасының орындалуы мен дайындалуын үйлестіреді. Оқушылардың білім дайындығы нәтижесінің объективтілігі мен сапасына, үйірме жұмысына, факультативтерге бақылау жасайды. Емтихандарды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады. Оқушылардың білім жүктемесіне бақылау жасайды. Білім беру, тәрбие беру, шаруашылық және қаржы қызметін ұйымдастыруды, педагогикалық кеңес жұмысын, қызметкерлерін ынталандыру жүйесі жұмысын жүзеге асыруды, дамытуды, оқушылары мен қызметкерлерінің денсаулығын сақтауды басқарады. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді. Ата-аналармен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және басқа да білім беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді білу.

— Педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларын білу.

— ҚР Еңбек кодексін, сондай-ақ, директор өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, жарғысы мен құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.

Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында («Ұлытау» газеті) мемлекеттік тілде жарияланған сәттен мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 101500 Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Б.Бұлқышев көшесі, 17 үй. Анықтама үшін телефон 2-12-95, 2-14- 27, e-mail: ulytau_sh@mail.ru.

Ұлытау ауданының білім бөлімі.