«Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны жалғасуда

«ҮЕҰ Дерекқорына» ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2024 жылғы 31 наурызында аяқталатынын хабарлаймыз.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ Дерекқорында болу Қазақстандағы отандық және шетелдік ҮЕҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтарға, түрлі ұйымдарға (донорларға) және мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдардың қызықты және табысты жобаларымен танысуға мүмкіндік береді.
Сіз өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорының — https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы жібере аласыз.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Осы орайда, үкіметтік емес ұйымдарды уақытылы 2024 жылдың 31 наурызына дейін «ҮЕҰ Дерекқорына» 2023 жылғы қызмет туралы мәліметтерді толтыруға шақырамыз!