Әкімдердің жұмысы халықтың әл-ауқатына байланысты бағаланады – Бектенов

Үкімет басшысы әкімдердің жұмысын көрсететін баға шкаласын енгізуді тапсырды.

«Отбасының цифрлық картасы» платформасында қазақстандықтардың әл-ауқатына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Олардың жағдайына байланысты жергілікті атқарушы органдардың жұмысы бағаланбақ.

Осылайша жыл соңына дейін «дағдарыс» және «шұғыл» санаттардағы отбасыларды 31,2 мыңға дейін қысқарту көзделіп отыр.