Келешекке жасалған нық қадам
Сайлау халық пен билік арасындағы сенім көпірі. Азаматтардың құқықтық тілектерін ескере отырып, демократиялық қоғамды қалыптастыратын сенімді құрал. Осы сайлау ұлтымызды ұйыстырып, демократиялық дамудың жаңа кезеңге көтеретініне сенімдімін. Көне тарихтың көмбесін ақтарып, санамен салмақтар болсақ, тұтас елдің болмысын, ерекшелігін екшейтін сəт болашақты айқындаумен тікелей байланысты. Сол себепті, тағдыршешті мəселе бойынша өз ұстанымымызды білдіруге тиіспіз.
Бұл сайлау – елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, əлеуметтік-саяси жаңғыруға, əлемнің үздік елдері қатарынан қосылу жолында жаңа демократиялық еркін болашақты құруға мүмкіндік береді. Алдағы ел Президентін кезектен тыс сайлау – əлемдік сын қатерлері аясындағы жаңа тарихымыз бен тағдырымыздың қайнауынан туындаған шешім деп айта аламын. Бұл саяси жүйені толық серпілтуге бағытталған жаңа қадам болмақ. Əсіресе, қайта сайлауға тыйым салуды енгізу – үлкен саяси жаңалық. Бұл тек Қазақстан үшін емес бүкіл посткеңестік аймақ үшін саяси өзгеріс. Өйткені, жеті жылда қолға алған реформасын жүзеге асыруға мүмкіндік жетеді. Бұл аралықта көптеген əлеуметтік проблемалар шешіледі деген сенім мол. Осы ретте жаңа даму кезеңінде еліміздің стратегиялық бағытынан ауытқымай, жаһандық жаңғыру бойынша өтетін Президент сайлауын өз басым қолдаймын. Президенттік сайлау өткізу туралы қабылданған шешім өте орынды деп санаймын. Сондықтан алдағы президент сайлауы біздің елімізді кең көлемді əлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа кезеңі қарсаңында біріктіретін маңызды фактор болмақ.
Ғазиз ƏБІТОВ,
еңбек ардагері.