Кеңес көтерген мәселе көп
Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау бойынша облыстық Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес төрағасы Ұлытау облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Молдашов жиынды ашып, жүргізді. Аталмыш іс-шараға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері және жастар саясаты мәселесі төңірегінде еңбек етіп жүрген азаматтар қатысты.
Күн тәртібінде «Техникалық және кәсіптік оқу орындарының және жоғары оқу орындарының білім беру сапасы» мәселесі көтерілді. Бұл сұрақ бойынша Ұлытау облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы Кахарман Аяулым Кахарманқызы баяндама оқыды.
Кеңес аталған тақырып бойынша барынша ауқымды сөз қозғады.
Күн тәртібі бойынша баяндамашылар мен қатысушылардың пікірлері тыңдалып және талқыға салынды. Кеңестің келесі отырысында осы мәселе төңірегінде қабылданған шешімдерді қарастыратындарын жеткізді.
#ЖастарКеңесі #ЖастарРухы