Кадрлық тағайындау

 Батырлан Боранбайұлы СӘБДЕН Ұлытау ауданы әкімінің 2023 жылғы 1 ақпандағы №19ө өкімімен «Ұлытау ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ  басшысы лауазымына тағайындалды.
Аудан әкімінің орынбасары Аян Абжамалов жаңа басшыны ұжым қызметкерлері алдында таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Батырлан Боранбайұлы 2005 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде  электрлік жетек және технологиялық кешендерді автоматтандыру мамандығы бойынша тәлім алған. Ал, 2007 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Ұлытау ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы ретінде бастады;
2007-2009 жылдар аралығында Ұлытау ауданы бойынша салық комитеті аудит бөлімінде бас маман;
2009-2010 жылдар аралығында «Абай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары;
2011-2012 жылдар аралығында Ұлытау ауданының «Ұлытау аудандық көпсалалы коммуналдық кәсіпорны» КМК басшысы лауазымында қызмет атқарды.
Соңғы тағайындауға  дейін «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы орынбасарының міндетін атқарушы болған.