Күзгі мерзімді әскерге шақыру шаралары басталды
«Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей»
Б.МОМЫШҰЛЫ.
Əскери қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы Жарлығына сəйкес, ағымдағы жылдың 1 қыркүйек айынан бастап азаматтарды күзгі мерзімді əскери қызметке шақыру іс-шаралары басталды. Қазақстан Республикасының «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Заңына сəйкес əскерге жарамды 18-27 жас аралығындағы сотталмаған кез-келген Қазақстан азаматы мерзімді əскери қызметті (12 ай мерзімге) өткеруге міндетті болып табылады.
Əскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады жəне қамтамасыз етеді. Жылдың соңына дейін жалғасатын күзгі əскерге шақыру компаниясы барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да əскерлері мен əскери құрылымдарын əскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіз жоқ, жасы 18-ден 27 жасқа дейінгі он жеті мыңға жуық жас азаматтар (жігіт) толықтырады. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз ететін азаматтарды мерзімді əскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сəйкес жүргізіледі. Əскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ.Облысымызда бұл науқан жүйелі жəне қатаң жүргізілуде.Əскери қызмет ол еліміздің егемендігін сақтау негізі.Ал жастарға тəрбие беру, Отанды қорғауға даярлау, тек мемлекеттік құрылымдардың емес, бірінші кезекте барлық қоғамның міндеті болып табылады. Əскерге шақырылушылардан жоғары немесе арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындар, діни қызметкерлер, педагогика мен медицина саласының қызметкерлері уақытша босатылады. Жақын туыстары əскери қызметті өткеру кезінде қайтыс болған немесе бірінші, екінші топтағы мүгедек болып қалғандар əскери міндетті өтемеуге құқылы. Отбасын құрып, балалы болғандарда Отан алдындағы борышын өтеуден босатылады. Аталған санаттағы азаматтар ғана əскерден босатылып, айыппұл төлемейді. Ал бұған жатпайтын,денсаулығында кінəрат жоқ, 18 жасқа толған əрбір азамат Отан алдындағы парызын орындауға міндетті. Бұл жөнінде жастар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ата-анасымен арнайы əңгімелесулер ұйымдастырылып, əскери борышты өтеу жəне келісім-шарт қызметінде қалу, одан əрі оқуға түсу перспективалары туралы айтылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметіне де азаматтарымыз аттандырылды. Мерзімді қызметтегі əр əскери қызметші – бұл мемлекеттің тірегі, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі.
Ұлытау ауданы Қорғаныс істері бөлімі.