Кəсіпкерлермен кездесті

Cəрсенбі күні, яғни, 16 қарашада Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тергеу департаментінің басшысы Ерік ЕСЕНОВ «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлік палатасы аумағында жергілікті кəсіпкерлермен жиын өткізіп, маңызды мəселелерге қатысты кең сипатты əңгіме өрбітті.

Мағыналы жиын барысында оған қатысушыларға Экономикалық тергеп-тексеру қызметі мен департамент шұғылданатын жұмыс ауқымы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, кəсіпті қорғау шаралары мен кəсіпкерлердің құқығының бұзылмауына жол бермеу жөнінде ашық диалог форматында сөз қозғалды.

Ерік Өмірбекұлы кəсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтардың бəріне дерлік Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтарына жəне заңнамасына сəйкес, толыққанды əрі тұщымды жауап берді.

Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі.