Кәсіпкерлер назарына!

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты және оның ел экономикасына теріс әсерін азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 39 қаулысымен кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) қабылданғанын хабарлайды.

Бағдарлама екінші деңгейдегі банктердің кәсіпкерлерге жылдық 8% 12 айға дейінгі мерзімге жеңілдікті кредиттер беруі арқылы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті несиелендіруге 600 млрд. теңге бөлінді.

2020 жылғы 27 қазанда Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен агроөнеркәсіптік кешендегі ірі бизнес субъектілері мен кәсіпкерлерге кредит беруге қосымша 200 млрд.теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысу үшін шағын және орта бизнес үшін салалық шектеулер, сондай-ақ клиенттерден талап етілетін құжаттардың белгіленген тізбесі жоқ. Шағын және орта бизнес субъектілері 3 млрд.теңгеге дейін, жеке кәсіпкерлер 50 млн. теңгеге дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері 6 млрд. теңгеге дейін жеңілдікті кредиттер ала алады.

Кәсіпкерлер алған кредит айналым қаражатын толықтыруға, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жалақыны төлеуге бағытталуы мүмкін.

Ұлытау ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі.