Кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті

2022 жылдың 23 тамызында Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Бәрекенов Ұлытау облысы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші отырысын өткізді.
Кәсіпкерлер кеңесі жұмысының басты мақсаты – өңірде кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерліктің жаңа инвестициялық мүмкіндіктерін анықтау, кәсіпкерліктің проблемалық мәселелерін талқылауға және тиісті шараларды әзірлеу арқылы шешу.
Отырысқа Ұлытау облысының тиісті басқарма басшылары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы түрлі мәселелерді көтеретін кәсіпкерлер қатысты.
Отырыс барысында кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуларға қатысуы, электр энергиясына тарифтер, жеңілдікпен кредит беру % мөлшерлемесі, құрылыс материалдарына бағалар, тұрғын үй қорының объектілерін басқару мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті облыстық мемлекеттік мекемелерге өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп күн тәртібіндегі мәселелерді пысықтау туралы тапсырма берілді.
Кәсіпкерлер кеңесінің отырысын тұрақты негізде айына кемінде бір рет өткізу жоспарлануда.