«Көшет» акциясы басталды

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» ММ, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін сақтау мақсатында келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» №344-I Заңының 12-бабына сәйкес, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің бірі себу және отырғызылатын материалдары болып табылады.

Аудан аумағына әкелінетін заңды және жеке тұлғалардың сауда-саттықты жүзеге асыратын орындарда тұқымдық материалдар мен отырғызу материалдарын карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалдануын, сондай-ақ отырғызу материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы тексеру жүргізеді.

Маусымдық кезеңнің басталуына байланысты Ұлытау ауданы аумағына әкелінетін отырғызу материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптар сақталуы қажет, сонымен қатар жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерлерде және мүдделі мемлекеттік органдардың келісімінсіз, заңды және жеке тұлғалардың сауда-саттықты жасауына, тұқымдық материалдарын карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған карантинге жатқызылған өнімдерді әкелінуге рұқсат етілмейді.

Сондықтан сатушыдан көшеттердің, тұқымдардың карантиндік жай-күйді айқындау үшін берілетін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттарын сұраңыздар. Сатушының қолындағы сертификат сізге оның дені сау өсімдікті ұсынып отырғанына дәлел болады.

Қ.Алдаберген,

ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау ауданының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.