Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын қолдады

Астанадағы EXPO конгресс-орталығында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен еліміздің түкпір-түкпірінен келген көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті.

Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ғылым және азаматтық қоғам салаларының өкілдері жиналды. Форумда қоғамдағы әйелдердің белсенділігі мен ел дамуына қосып жатқан үлесі ерекше атап өтілді.