Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Аудан әкімдігінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ 7 баланың анасы Орынбасар КӨБЕНОВАҒА «Алтын алқа» белгісін және 6 баланың анасы Мақпал МҰҚЫШЕВАҒА «Күміс алқа» белгісін тапсырды. Салтанатты рәсімде аудан басшысы қуаныш иелерін құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық тіледі.

«Алтын алқа» иегері Орынбасар Әлібекқызы да жүрекжарды лебізін білдірді.«Бүгін аудан басшысы Советбек Тұрсынұлының қолынан «Алтын алқа» белгісін алып, қуанышты сәтте тұрмын. Менің 7 балам бар. Тұңғышымның жасы – 21-де, ең кішкентай сәбиім 1 жастан енді асты. Құрметке бөленіп жатқаным, осы балаларымның арқасы. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деді «Алтын алқа» иегері.

Жасұлан АЯШЕВ