Күн тәртібінде – өзекті мәселелер

Аудан əкімдігінде аудан əкімінің міндетін атқарушы Мақсұт ОСПАНОВТЫҢ төрағалығымен кіші аппарат отырысы өтті. Оған аудан əкімінің орынбасары, мекеме, бөлім басшылары, онлайн режимде кент, ауыл əкімдері қатысты.

Күн тəртібінде үш мəселе қаралып, сала басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады. Алғашқы мəселе мемлекеттік сатып алу конкурстарының өту барысы туралы аудандық экономика жəне қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин мəлімдеді.

Аппарат отырысындағы қалған екі мəселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сағади Обайдуллин «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы жəне қоғамдық бау-бақша жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі тапсырманың орындалысы туралы баяндады.

Күн тəртібіндегі мəселелерге байланысты Мақсұт Сəрсембайұлы берілген конкурстардың барысын жан-жақты талқылап, мекеме, бөлім басшылары, кент, ауыл əкімдерінен де конкурстың өту барысын, мемлекеттік сатып алу, «Ауыл – ел бесігі», «Қатысу бюджеті» бойынша тапсырмалардың орындалысын тыңдады. «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы жөнінде Байқоңыр, Мибұлақ, Шеңбер ауылдарында аталған бағдарлама шеңберінде жасалып жатқан жұмыс барысын баяндады. Бұл бағдарлама бойынша кент, ауыл əкімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді. Күн тəртібіндегі үшінші мəселе қоғамдық бау-бақша жұмыстарын ұйымдастыру бойынша аудан əкімінің тапсырмасын бір ай ішінде орындалу керектігі ескертіліп, кент, ауыл əкімдеріне осы мəселеге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылды.

Аппарат отырысы барысында жиынға қатысушыларды Мақсұт Сəрсембайұлы 22 сəуір күні өтетін «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» экологиялық акциясына біркісідей қатысуға шақырды.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.