Көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат
2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Қарағанды облысы:
1. «Қызылорда-Павлодар» автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы — Топар ауылы.
2. «Қызылорда-Павлодар» автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы.
3. «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы — Қарқаралы қаласы.
Ұлытау облысы:
1. «Қызылорда-Павлодар» автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауданы — Қарағанды облысының шекарасы.
Павлодар облысы:
1. Қызылорда-Павлодар» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті ауылы.
Жолды 2024 жылғы 2 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарлануда.