Әйел қауіпсіздігі – әлем қауіпсіздігі

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық — адам құқықтарын бұзудың ең көп таралған түрі.

Зорлық-зомбылық әйелдер мен қыздарды теңдік пен қауіпсіз өмір сүру құқығынан айырады, адамның қадір-қасиетін төмендетеді және негізгі бостандықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді. Зорлық-зомбылық гендерлік дискриминацияның түрі ретінде, ең алдымен, ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздікке негізделген. Оның көптеген нұсқалары бар. Оның ішіне физикалық зорлық-зомбылық, жыныстық зорлық-зомбылық, психологиялық және эмоционалдық зорлық-зомбылық, фемицид, эмбрионның жынысына байланысты жүктілікті таңдамалы тоқтату, әйелдердің денсаулығы мен өміріне қауіпті дәстүрлер мен мәдени тәжірибелер, жезөкшелік пен адам саудасы кіреді.

Баубек БАЙМАҒАНБЕТ,
Ұлытау ауданының Полиция бөлімінің қызметкері.