Үй жануарларын ұстау – үлкен жауапкершілік
Ұлытау ауданы бойынша үй жануарларын чиптеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 21-бабы 2-тармағына сəйкес, үй жануарларының иелеріне 2023 жылғы 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын есепке қоюға (тіркеуге) міндеттеледі.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 11-бабы 4-тармағына сəйкес аталған қызметті жергілікті ветеринар мамандары тарапынан ақылы негізде жүргізілетін болады.
Үй жануарларын тіркеуге арнайы «Таңба» дерекқор базасы жұмыс жасайды.
Чип салу – арнайы чиптерді қолдана отырып, жануарларды таңбалаудың қауіпсіз жəне заманауи əдістерінің бірі. Чипті жануарға енгізу ауыртпай жасалатын процедура.
Бірдейлендірудің заманауи əдістері мыналарды қамтамасыз етеді:
1. Жануарларды ауыстырып алу мүмкін емес.
2. Құтыруға жəне басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егілмеген жануарларды тасымалдау мүмкін емес.
3. Чип салу – жануарды иеленуге қатысты дау туындаған кезде маңызды дəлел бола алады.
Құрметті Ұлытау ауданы тұрғындары осы мəселеге жауапкершілікпен қарап, үй жануарларына жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Ұлытау аудандық ветеринариялық станциясы.