IV тоқсан қалай басталды?

Індеттің таралуы мен одан әрі белең алуынан сақтану мақсатында мектеп оқушылары ІІІ тоқсанды аралас форматта (қашықтықтан оқыту) режимінде аяқтаған болатын. Ал IV тоқсанда оқу үрдісінде қандай өзгерістер орын алды?

– 1 сәуірден бастап, оқушылар мектеп партасына қайта оралды. Ұлытау ауданының білім бөліміне қарасты 17 мектеп оқу жылының IV тоқсанын штаттық режимде бастады. Сабақ бұрынғыша 40 минуттан бескүндік оқу кестесі бойынша жүргізіледі. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты сыныптардағы балалардың саны 25 оқушыдан аспауы тиіс. Осы тұста, бір ескертетін жайт – дәл қазір әр ата-ана өз баласының денсаулығын ойлайтын уақыт. Сондықтан, тәртіпке бағынып, сақтық шараларын қатаң сақтағаны жөн, – деп жауап берді бұл сауалға аудандық білім бөлімінің басшысы Бағдат Әбдірайымов.

Қайрат ЖҰМАБАЙ