Ішкі саясатта – жаңа жетекші

Ұлытау ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 тамыздағы өкіміне сәйкес, Азамат Ермағанбетұлы КАРЕНОВ Ұлытау ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.


Азамат Ермағанбетұлы 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін география, географиялық-туризм мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005-2007 жылдар аралығында Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі 1-бөлімше бастығының аға көмекшісі болып бастаған.
– 2007-2017 жылдары – Ұлытау ауданының білім бөлімінде сектор меңгерушісі;
– 2017 жылдың 10 тамызынан тағайындалғанға дейін Алғабас ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.