Интернет желісі – шаруалар игілігіне

Технология қуатты екпінмен дамыған қазіргі заман – ғаламтордың дәуірі. Соңғы жылдары аудандағы барлық ауылдар мен кенттерде интернет желісі тартылуда. Ал Шеңбер ауылдық округінде оның игілігін шалғайдағы шаруа қожалықтары да көре бастады.

Сол мақсатпен ауылдан 17 шақырым жердегі «Қоянды» тауының биігіне қажетті құрылғылар орнатылды. Бүгінгі күні төрт шаруа қожалығы интернетке қосылып үлгерді. Алдағы уақытта оған округ аумағындағы басқа шаруашылықтарды қосуға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр

Шаруа қожалықтары иегерлері игі іске ұйытқы болған ауылдық округ әкімдігі мен тапсырысты орындаушы тарап – «Дара Холдинг» ЖШС директоры Ермек Жүнісовке дән риза.

Тәслима ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ