ІІМ жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті
Жалған ақпарат тарату және арандатушылық үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Ішкі істер министрлігі осыған байланысты ескерту жасады.

Министрліктің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде жаңа Конституция жобасына қатысты фактілерді әдейі бұрмалау және жалған мәлімет тарату жағдайлары тіркеліп жатқанын хабарлады.
ІІМ мұндай әрекеттер азаматтарды жаңылыстырып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіретінін атап өтті.
