Халықты жұмыспен қамту — басты мақсат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, Ұлытау ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы «Жастар практикасын» ұйымдастыратынын хабарлайды.

Жастар практикасы — білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін жасалған арнайы бағдарлама. Меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған. Аудан бойынша жастар практикасының жұмыс орындар саны 20 адамға шектеулі. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:

1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайын және еңбегіне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерін айқындайды.

Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жастар практикасына жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 адамға 72925 теңге айына төленеді.

Сонымен қатар, бағдарламаға сәйкес, Жұмыс беруші (Шаруа қожалығы не Жеке кәсіпкер) халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастырады.

Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтініш пен құжаттарды береді.

Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсалған жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін өтеуге, яғни 35% субсидия беру жолымен республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру сұрақтары бойынша жұмыс берушілер өздерінің тапсырыстарын «Ұлытау ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не ұсынуларына болады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 200 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттар беру туралы ақпарат.

Грант алуға «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және жүгінген сәтте Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеген адамдар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады. Бұл ретте үміткерлер қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ оралмандар мен қоныс аударушыларға «БастауБизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өту немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқу талап етілмейді. Мемлекеттік грантқа үміткер кәсіпкерлер үшін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі Бағдарламаның өңірлік операторына мемлекеттік грант алу үшін жүгінген сәтте бір жылдан аз болуға тиіс. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін халықты жұмыспен қамту орталығы қабылдайды.

Барлық сұрақтар бойынша «Ұлытау ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ білуге болады. Байланыс тел: 8 (71035) 2 13 18.