Хабарландыру: Бірқатар облыс аумағынан әскери техника жүріп өтеді
ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің Маңғыстау облысында «Айбалта-2025» оқу-жаттығуы өтеді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

«12 қыркүйектен бастап бірқатар облыс аумағынан әскери техника қозғалысы қарастырылған. Бөлімшелер мен техника теміржол және автокөлікпен жүріп өтеді. Осыған орай жекелеген аудандарда уақытша шектеу енгізіледі», – делінген ақпаратта.
Министрлік ресми ақпарат көзіне ғана сенуді сұрайды.
