Грант саны көбеймек

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура мен PhD докторанттарына бөлінетін грант санын үш есе көбейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ министр Саясат Нұрбек елімізде кезең-кезеңімен жас ғалымдардың айлығы көтеріліп, жайлы жұмыс істеуіне жағдай жасалатынын мәлімдеді.


Ғалымдардың жағдайына баса мән беріледі. Әуелі ғалымдардың жұмыс орнын заманауи техникамен жабдықтап, жалақысын өсіруге министр уәде берді.
— 2022 жылдың қыркүйегінен бастап 1 200 жетекші ғалымның жалақысын 70 %-ға өсірдік. Біздің ғылыми қызметкерлердің орташа жалақысы 150–200 мың теңге болған. Жарты жылда 252 мыңға өсті. Қазір сол 1 200 ғалым 1,5 миллион теңге көлемінде алады, — деді Саясат Нұрбек.
Қазір магистратура мен докторантураның оқу ақысы қымбат. Жас ғалымдардың аз болу себебі де осыдан. Сондықтан министрлік магистратура мен PhD докторанттарына бөлінетін грантты үш есе көбейтіп, бакалавриатпен теңестіруді жоспарлап отыр.