Үгіт жұмысы — пәрменді

«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Марфуға ӘБІЛДИНА аудан орталығындағы «Сымбат» дүкенінде тұрғындармен кездесіп, партия бағдарламасымен таныстырды.

– Өткен жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирус пандемиясы Қазақстанды да айналып кетпеді. Әлемді жайлаған індет салдарынан мемлекетіміз ұзақ мерзімге карантинге жабылып, шектеу шаралары күшейтілді. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Елі үшін нақты қадам жасады. Бүгінде «Nur Otan» партиясы нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді қолға алып отыр. Ал, біздің мақсатымыз – үгіт-насихат барысында партия жұмысымен таныстырып, маңызды деген тұстарына баса назар аудару. Оның ішінде зейнеткерлер мен көпбалалы аналарды қолдау мәселесіне көп көңіл бөліп отырмыз. Мұндағы ойымыз – халықтың ұсынысын тыңдап, алдағы күндері айтылған мәселелер бойынша жұмыс атқарамыз,– деді Марфуға.

Үміткердің әр сөзіне құлақ түрген аудан тұрғыны Айгүл Жағыпарова өз ойын ашық жеткізді. «Nur Otan» партиясының жұмысы маған жақсы таныс. Өзім осы партия құрылғанынан бастап, партия мүшелігіне қабылданғанмын. Бұл партияның құрамында болғанымды мақтаныш етемін. Сайлауалды бағдарламасы ел келешегі үшін жасалып отырған нақты қадам. Сондықтан, әр азамат өз таңдауын дұрыс жасауы қажет. «Өзім «Nur Otan»-ды таңдаймын!», – деді ауыл тұрғыны. Гүлнәр Рбашова: «Бізге ең басты керегі еліміздің тыныштығы, халықтың бірлігі. Халқымыз «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп бекер айтпаған. Сол бірлікті сақтап отырған «Nur Otan» партиясы. Бұл партияға мен де сенемін. Себебі, партияның халыққа жасаған қолдауын көріп отырмын. Партияның сайлауалды бағдарламасы да көпшіліктің көңілінен шығатындай. Еліміздің болашағы мен дамуына, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталып жасалған. Осы жағынан алып қарағанда, саяси додада «Nur Otan» партиясы жеңіп шығатынына сенімдімін.

Мен де «Nur Otan» партиясын қолдаймын, – деді ол.

Қайрат ЖҰМАБАЙ

(Материалды жариялау төлемақысы «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының қорынан төленді).