Геологиялық кластер ашылады

Қазақстандағы тұңғыш геологиялық кластер Ұлытау облысында іске қосылатын болды. Жоба Жезқазған қаласының іргесіндегі Қаныш СƏТБАЕВ бастаған ғалымдар еңбек еткен «Қабанбай батыр» ауылында жүзеге асырылуда.

Сəрсенбінің сəтінде Ұлытау облысының əкімі Берік Əбдіғалиұлы геологиялық кластер жобасының құрылысымен танысты. Белгілі болғандай, үлкен кешен 2024 жылдың бірінші тоқсанында жұмысын бастамақ. Құрылыс бұрынғы «Жезқазғангеология» геологиялық экспедициясының аумағында жүріп жатыр.
Қазба жұмыстарының техникалық жəне кадрлық ресурстарын біріктіретін жоба жеке компанияның инвестициялық қаржысына жүзеге асырылуда. Нысанның құрылысы аяқталған соң, 150 адам жұмыспен қамтылады.
Қазіргі таңда «Kazakhmys Barlau» ЖШС құрылыстың егжейтегжейлі жоспарын əзірледі, тозығы жеткен жəне апатты ғимараттарды бұзып, ол жерлерде жұмыстар жүргізілуде.
Орайы келгенде айта кетейік, бүгінгі күні Ұлытау облысы бойынша 19 учаскеде барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол міндет «Kazakhmys Barlau» мамандарына жүктелген.
«Kazakhmys Barlau» ЖШС Бас директоры Ғалым Нұржановтың айтуынша, өте терең орналасқан немесе құрамында элементті қоспасы бар шикізатты технологиямен бөліп алып шығатын ғылым қажет. Ал геологиялық кластер сол ғылымды Жезқазған өңірінде дамыту үшін салуда.
Аталған орында оқу ғимараттары, қызметкерлерге арналған жатақхана, геофизикалық зертхана жəне жер қыртысының сынамаларын сақтайтын қойма, геологиялық мұражай салынады. Онымен қоса, өзге өңірлерден жəне шетелдерден үздік ғалымдар шақырылады.

Ізбасар ОЙБАС.