Газбен қамту жоспары айқын

Облыс әкімі Б. Әбдіғалиұлы мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Х. Қайырделдіұлының Ұлытау облысындағы газ тарту жұмыстарын бойынша кездесуі өтті. Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
✳️ Жезқазған қаласының Бекболатсай мен Костанкелді ықшам аудандарын іске қосу кешенінің екінші кезеңі аясында одан әрі газбен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аудандарда газды жүргізу жұмыстары осы жылдың соңында толықтай аяқталады.
✳️ «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ орталық газ желілерімен қамту жұмыстары;
✳️ Қаражал қаласын, Жәйрем кентін және Жаңаарқа ауданына газ тарту жұмыстарының мәселелері;
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы тиісті мамандарға жоғарыда көрсетілген жұмыстар бойынша мемлекеттік құрылымдармен және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бірлесе отырып пысықтауды тапсырды.
Ал, жалпы газбен қамту жұмыстары толықтай 2025 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.