Фермерлерге: 2026 жылдың жаздық дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыруға өтінім қабылдау басталды!
2025 жылдың 8 желтоқсанынан бастап Аграрлық несие корпорациясы сақтандыру полистерін субсидиялауға өтінім қабылдауды бастады.

Мемлекет сақтандыру құнының 80%-ын жабады, фермер тек 20%-ын төлейді.
Өтінім беру мерзімдері
Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО, Абай және Ұлытау облыстары:
дәнді дақылдар – 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін;
майлы дақылдар – 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстары:
Дәнді және майлы дақылдар – 2025 жылдың 15 ақпанына дейін.
Өтінімді Kezekte.kz порталы арқылы онлайн беруге болады – егіс алқабын көрсетесіз, сақтандыру компаниясын таңдайсыз, келісімшарт жасасып, 20%-ын төлейсіз. Қалғанын мемлекет субсидия ретінде төлейді.
Егініңізді уақытында құрғақшылық қаупінен қорғаңыз!
