Еурохаттама рәсімі туралы біле жүріңіз!

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары (ЖКО) болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай жəне соттың шешімінсіз жеңілдетілген тəртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады.

Еурохаттама, егер:
1) ЖКО-ға екі көлік құралы ғана қатысса;
2) ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса;
3) ЖКО нəтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе); 4) ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінəлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса;
5) келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылады.
ЖКО-ны «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болады, https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.ipgf.europrotocol.androidмекенжайлары бойынша AppStoreжə-не Google Play жүктеуге болады.
Маңызды:
ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс.
ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі жəне ЖКО бойынша мəліметтерді толтыруы қажет.
«Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда+7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу қажет.

Ұлытау аудандық соты.