Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек – Бектенов
Жаңа Үкімет басшысы қаржы министрлігіне 10 күн ішінде республикалық бюджетті тексеруді тапсырды.
Бір ай ішінде жергілікті бюджеттерге ревизия жасап, аса маңызы жоқ шығыстарды қысқартуды талап етті.
Сондай-ақ:
Салық кодексінің жобасын қайта жазып, оның философиясын өзгерту қажет;
Өнеркәсіп кәсіпорындары қазақстандық тауарды, жұмыс пен қызметті сатып алуды түбегейлі арттыруы тиіс;
Құрылыс саласының барлық сметалық құжатына қазақстандық материалдар енгізілуі керек.