ЕСЕЛІ ЕҢБЕК – ЕҢСЕЛІ ХАЛЫҚ Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабековтың 2023 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі
Ұлытау ауданының жер көлемі 122,9 мың шаршы шақырымды құрайды, бұл облыс аумағының (188,9 мың шаршы км) 65,1%-да орналасқан. Аудан халқының жалпы саны 01.10.2023 жылға 11 163 адамды құрайды, олар 29 ауылдық елді мекендерде, оның ішінде 15 ауылдық округтер жəне кенттер орталығы, 6 тірек ауылдық елді мекендер жəне 14 басқа да санаттағы елді мекендерде орналасқан.
Ұлытау ауданының əлеуметтік-экономикалық дамуына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы №871 қаулысымен бекітілген «Ұлытау облысын əлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған Кешенді жоспары» өзіндік үлесін қосуда.
Ұлытау ауданын əлеуметтік-экономикалық дамыту барысында соңғы жылдары өсімнің оң динамикасы байқалуда жəне ол аудан экономикасының серпінді дамып келе жатқандығын көрсетеді, оның ішінде:
• 2023 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша өнеркəсіп өнімін өндіру көлемінің өсу динамикасы 93,5%-ды (2022 жылы – 3 556,4 млн. теңге, 2023 жылы – 3 327,0 млн. теңге), негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 105,9%-ды (2022 жылы – 2 747,6 млн. теңге, 2023 жылы – 2 910,7 млн. теңге.), ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 155,9%-ды (2022 жылы – 11 млрд 067,0 мың тг., 2023 жылы — 17 млрд. 255,2 млн. тг.) құрады.
• 2023 жылғы 9 айға арналған жоспар бойынша өнеркəсіп өнімін өндіру көлемін 110,9%-ға, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 118,9%- ға өсіммен орындалысы байқалды. Ағымдағы жылы аудандағы фермерлік шаруашылықтар мал басы саны бойынша 101,5%-ға өсімді қалыптастыру жоспарлауда.
Шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту
Əлеуметтік-экономикалық дамудың бағалануы аудандағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің оң нəтижесінің дамуымен бағаланады.
2023 жылдың 1 қазанына шағын жəне орта бизнестегі белсенді кəсіпорындардың саны 1983 бірлікті құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 111%-ға өскен (2022 жылы – 1784) оның ішінде заңды тұлғалар — 53 бірлік, жеке кəсіпкерлер — 389 бірлік жəне шаруа қожалықтары — 1411 бірлікті құрайды.
Шағын жəне орта кəсіпкерліктің 2023 жылдын қаңтар-қыркүйек айында тамақ өнімдерінің жалпы өндірген өнім көлемі 4,3 млн. теңгені құрады, АКИ 100%.
2023 жылдың басынан бері ауданда жаңадан 7 кəсіпкерлік нысаны іске қосылды, оның ішінде 1 дүкен, 1 наубайхана, 2 көлік жуу орталығы, 1 демалыс орыны, 1 жеке меншік бала бақша кəсіпкерлік қызметтеріне кіріскен.
Əлеуметтік азық-түліктің бағасын өсірмеу мақсатында 2023 жылға ауыл, кент округтерінде азық-түлік бағаларына 10 пайыздан артық қоспау жөнінде жеке кəсіпкерлермен 70 меморандумдар жасалды. Аталған қаулының орындалысын қамтамасыз ету мақсатында аудан дүкендеріндегі аталған азық-түлік бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Кəсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылы Ұлытау ауданынан 2 үміткер, оның ішінде Қарсақбай кентінде тротуар өнімін шығаруға 5,0 млн. теңгеге грант, Қаракеңгір селосында қонақ үй ашуға 5,0 млн теңгеге гранттар ұтып алды. Сонымен қатар, аудан əкімі атынан жастарға арналған грантқа жергілікті бюджеттен 33,0 млн.теңге бөлініп, өтініш берген жастар тарапынан жобаларын қорғау аяқталды. А.ж. желтоқсан айында комиссия тарапынан шешім қабылдау күтілуде.
Ауыл шаруашылығы саласы
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы мал басы саны төмендегідей болды: Ірі қара — 58169 бас 102,7% (2022 жылы 57095 бас). Ұсақ мал — 111294 бас 80,2% (2022 жылы 138841 бас). Жылқы — 51849 бас 108% (2022 жылы 47996 бас)
Егістік егу жəне егін жинау барысы туралы ақпарат
2023 жылы егістік алқаптың жалпы көлемі- 20,8 мың.га (2022 жылы 26,0 мың га.) құрады. Биылғы жылдың егін ору науқаны 10 тамызда басталып 20 қазанда аяқталды. Тамыз айынының 24 жұлдызына, яғни нөсерлі жаңбырға дейін 6125 гектар (29%) 8 центнерден егістік алқабы орылды. Оның ішінде 4895 гектар бидайдан 3,9 мың тонна, 1230 гектар арпа егілген жерлерден 1,0 мың тонна өнім алынды.
А.ж. 13 қыркүйекте аяқталған жауыннан кейінгі егін жинау жағдайы бойынша, шабылмаған 14675 гектар масақтың басында бидайдың өңіп кеткендігі анықталды. Зардап шеккен 14 675 гектар егістік жер толықтай орылды. Өнім 3 ц/гектарынан беріп 4,4 мың тонна өнім алынды. Жалпы 2023 жылы аудан бойынша егістіктен 9,3 мың тонна өнім жиналды.
Бау-бақша жəне картоп бойынша 12 гектар көкөніс 100% жиналып, 60 тонна картоп, 43 гектар жерден 100% жиналып, 215 тонна өнім алынды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалысы туралы
Ауданның ауыл шаруашылығы техника паркін жаңарту мақсатында 2023 жылы 31 дана ауыл шаруашылығы техникалары 645,0 млн.теңге сатып алынды. Оның ішінде 21 дана ауыл шаруашылығы техникалары 545,1 млн.теңгеге «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке сатып алынды (2022 жылы 25 техника сатып алынған).
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы Ұлытау ауданы бойынша 43 жоба 739,0 млн. теңге несие қаражатын ауданның шаруа қожалықтары шаруаларын дамыту мақсатында алды. Оның ішінде, «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 24 жоба 650,3 млн.теңге, «Іскер» бағдарламасы арқылы 13 жоба 58,9 млн.теңге, «Жастар» бағдарламасы арқылы 2,5% 6 жоба 29,8 млн.теңге несиелерін алды.
Ұлытау ауданы тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша барлық кент, ауылдық округ əкімдіктері халыққа түсіндірме, тиісті құжаттарын жинақтау, кепіл мүлкін бағалау бойынша жұмыстар жүргізуде.
«Ұлытау» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясына түскен өтінімдер — 153 жоба. Қаралымдағы өтінімдер саны — 94 өтініш. Оның ішінде: Мақұлданған өтінімдер саны — 60 жоба — 499,9 млн. теңге. Төленген өтінімдер — 29 жоба — 217,3 млн. теңге. Оның ішінде Алғабас а.о. – 1 жоба 8,5 млн.теңге, Ақтас кенті-1 жоба 8,6 млн.теңге, Борсеңгір а.о. -3 жоба 22,8 млн.теңге, Жанкелді а.о. 1 жоба — 8,6млн. теңге, Қарсақбай 1-жоба 8,5млн. теңге, Шеңбер 2 жоба 13,0 млн. теңге, Қоскөл а.о. — 2 жоба- 17,0 млн.теңге, Мибұлақ а.о. 8 жоба – 68,4 млн.теңге, Сарысу а.о. 2 жоба 14,2 млн.теңге, Ұлытау а.о. — 5 жоба 58,3 млн.теңге, Жезді кентінде — 3 жоба 23,5 млн. теңге қаржыландырылды.
Жайылымдарды суландыру бағдарламасын орындау мақсатында аудан бойынша шаруа қожалықтар 35 ұнғымаларын қаздырып, 24 ұнғыманың құжаттарын өткізіп, 82.4 млн.теңгеге субсидиялар алды. Қалған 11 шаруа қожалық иегерлері құжаттарын жинақтап, субсидия алу жұмыстарын жүргізілуде.
Ұлытау ауданы бойынша жем-шөпке субсидия алу үшін бүгінгі күнде 564 шаруа қожалықтан 693,7 млн.теңгеге өтінім түсті. Оның ішінде 167 шаруа қожалыққа 297,1 млн.теңге субсидия төленді. Қалған 394 шаруа қожалықтың 396,7 млн.теңгеге өтінімі қаралуда.
Білім саласы бойынша
Аудан көлемінде жалпы 36 білім жəне тəрбие беру ұйымы бар, оның ішінде 15 орта, 2 негізгі мектеп, 7 бөбекжəй, 10 шағын орталық, 2 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы (Балалар өнер мектебі, Оқушылар үйі) қызмет етуде.
2023 жылы 457 педагог жұмыс жасайды, 2022 жылмен салыстырғанда (451 педагог) 6 мұғалімге өсім бар. Бүгінгі күні кадрларға қажеттілік 23 адамды құрайды, барлығы орта жəне негізгі буын мұғалімдері.
Жалпы 2023 жаңа оқу жылына келген жас мамандар саны 27, 2022 жылмен салыстырғанда (16 жас маман) 11 жас маманға өсім қалыптасты.
2023 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту:
«№3 жалпы білім беретін мектебі» КММ-не 18 млн. теңгеге модульды қазандық орнатылды;
«Жезді мектеп интернаты» КММ-нің қоршауына 12 177,9 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді жəне 11 744,0 мың теңгеге мектепке спорт алаңы орнатылды;
«№12 негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі ғимараттың шатырына 9 183,4 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Сонымен қатар, 15 961,9 мың теңгеге ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілді;
Білім беру ұйымының спорт залына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау үшін 3 051,1 мың теңге қаражат қаралып жұмыстары жүргізілді.
«№4 Қаракеңгір жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимаратының аумағын абаттандыру жұмыстарына 16 511,7 мың теңге бөлінді;
«№8 Егінді жалпы білім беретін мектебі» КММ-не қаралған 13 991 703 теңгеге мектептің қоршауын ағымдағы жөндеуден өткізілді;
Білім беру ұйымына спорт алаңын орнату үшін 11 256,1 мың теңге қаржы қаралған, «М.Мыңқаев атындағы №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің спорт залы мен асханасын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 13 101,5 мың теңге қаралған. Ғимараттың 1-қабатына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуге 27 664,5 мың теңге қаржы жұмсалды.
Осыған қосымша, 2023 жылы білім беру ұйымдарының пəндік кабинеттерін жаңғыртуға арнайы қаражаттар бөлінді. Атап айтқанда, Биология кабинеттерін жарақтандыруға (5 дана) – 33 500,0 мың теңге, Химия кабинеттерін жабдықтауға (5 дана) – 33 500,0 мың теңге, Физика кабинеттеріне (4 дана) – 30 800,0 мың теңге, Технология кабинеттеріне (3 дана) – 18 900,0 мың теңге, STEM-лабораторияларға (2 дана) – 28 000,0 мың теңге, Робототехника кабинеттерін жабдықтауға (3 дана) – 20 100,0 мың теңге бағытталды.
2023 жылы оқушыларды тасымалдау үшін №1 Ұлытау жəне №6 Жезді тірек мектептеріне лизингке автобус, №3 Аманкелді, №4 Қаракеңгір, №14 Алғабас, №17 Байқоңыр, №18 Мибұлақ жалпы білім беру мектептеріне «Соболь» автокөліктері, №15 Қарсақбай мектебіне «JAK» шағын автобусы сатып алынды.
Əлеуметтік сала: Аз қамтылған азаматтарды, ардагарлерді, мүгедектерді əлеуметтік қолдау
Бүгінгі күнге атаулы əлеуметтік көмек (АƏК) 20 отбасының 110 адамына 7 391,0 мың теңге тағайындалып, төленді. (2022 жылы 30 отбасының 160 адамына 9111,5 мың теңге тағайындалып, төленген).
Ауданның жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудан көлеміндегі мүгедек жандардың мүддесін қорғау, оларға қамқорлық жасау бағыттарда жүйелі жұмыстар тұрақты жүргізілуде. 2023 жылғы 1 қазанға ауданда барлығы 525 мүгедек бар. (І топ — 38, ІІ топ — 270, ІІІ топ- жүріп тұратын мүгедектер – 8 адамды құрайды).
Үйлерге əлеуметтік көмек көрсету 63 жалғыз басты қарттарға жəне 13 мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға, барлығы 76 адамға қызмет көрсетілді (2022 жылы 71 жалғыз басты қарттар, 14 мүмкіндігі шектеулі кемтар балалар, барлығы 85 адамға қызмет көрсетілген).
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» стандарты бойынша 25 адамға қызмет көрсетіліп, 5572,0 мың теңге игерілді.
Тұрғын үй көмегінің жəрдемақысына 3 отбасының 14 мүшесіне 219,5 мың теңге тағайындалып, 175,8 мың теңге игерілді. (2022 жылға 3 отбасының 14 мүшесіне 441,0 мың теңге тағайындалған).
«Ауылдық жерлерде тұратын білім беру, əлеуметтік қамтамасыз ету, мəдениет, спорт жəне ветеринария мамандарына отын сатып алуға ҚР заңнамасына сəйкес əлеуметтік көмек» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сəйкес 2023 жылға 10 АЕК – 34 500 теңгеден 1 001 маманға жоспарланып, қазіргі таңда 1 001 адамға 34 534,5 мың теңге төленді (2022 жылы 1079 маманға 32942,0 мың төленген).
«Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтарға əлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 1249 адамға жалпы 26805,7 мың теңге сомасына мерекелік жəне атаулы күндерге орай біржолғы төлемдер жүзеге асырылды (2022 жылы – 1 986 адамға 33 525,7 мың теңге игерілген).
Денсаулық сақтау саласы бойынша
Аудан бойынша 2 стационарлық аурухана, 31 төсек орны бойынша, оның ішінде Ұлытауда — 26, Жездіде — 5 төсек орны бар мекемелер халыққа медициналық көмек көрсетеді. Халыққа бір клиника-диагностикалық емхана, 6 дəрігерлік амбулатория (Ұлытау, Қарсақбай, Жезді, Қаракеңгір, Егінді, Мибұлақ а.о.),8 фельшерлік, акушерлік пункттер (Терісаққан, Шеңбер, Алғабас, Байқоңыр, Аралтөбе, Қарақұм, Аманкелді, Сарысу), 3-медициналық пункт (Айыртау, Пионер, Ақтас елді мекендері) медициналық қызметтер көрсетуде.
Денсаулық сақтау саласындағы білікті мамандардың тапшылығы əлі де орын алуда. Атап, айтқанда, 2023 жылы Акушер-гинеколог, Стоматолог, Онколог, Кардиолог – 4 маман тапшылығы бар.
Осыған орай, аудандық орталық аурухананың өкілдері 2023 жылғы наурызда Шымкент қаласында ұйымдастырылған мамандар жəрмеңкесіне қатысып, ауданға келуге тілек білдірген жас мамандармен кездесіп,3 маманмен келісім-шартқа жасалды.
2023 жылы Ұлытау аудан бойынша 73 бала дүниеге келді.
2023 жылы Ұлытау ауданының денсаулық сақтау саласы бойынша келесідей құрылыс жобалары жүзеге асырылуда:
— Аудан орталығы — Ұлытау ауылында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы жəне 20 төсектік стационары бар орталық аудандық аурухана құрылысы жүргізілуде;
— «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында Қаракеңгір, Сарысу елді мекендерінде ФАП құрылысына Ұлттық қордан жəне облыстық бюджеттен қаражаттар бөлінген. Бүгінгі күні осы нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 90%-ға орындалып 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
— «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Ұлытау ауданының 4 елді мекенінде (Байқоңыр, Терісаққан, Мибұлақ, Қоскөл а.о.) 4 ФАП құрылысы басталып, жүргізілуде. Құрылысқа республикалық бюджеттен 574,6 млн.теңге, Облыстық бюджеттен 63,8 млн.теңге қаражат бөлінді, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
— Жезді кентіндегі учаскелік ауруханада 1 жəне 2 қабаттарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 2-ші кезең бойынша конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталып нысанның сыртқы жөндеу жұмыстары басталуы тиіс.
Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары
«Ауыл – ел бесігі» шеңберінде 2023 жылы аудан бойынша 515 млн. 313 мың теңге қаражаттарға 23 км. 113 м.жол жөндеу жоспарланған.
Бүгінгі күнге 175 млн. 851 мың теңгеге 5 км. 480 метр жол жөнделіп аяқталды. Оның ішінде
1) Сарысу ауылы Уалиханов көшесі ішкі жолын (0,600 км.) орташа жөндеу;
2) Сарысу ауылы Сүйінбай көшесі жолдарын орташа жөндеу (0,7 км.);
3) Қарсақбай кенті Деев көшесі ішкі жолын (0,780 км.) орташа жөндеу;
4) Қаракеңгір ауылы Ақжар (0,7 км.) жəне Алтын Орда көшелерінің жолдарын (2,7 км.) орташа жөндеу;
5) Борсеңгір ауылы Бейбітшілік көшесінің ішкі жолын (396 м.) орташа жөндеу;
6) Борсеңгір ауылы Наурыз көшесінің жолын (372 м.) жөндеу жұмыстары, Борсеңгір селосы Қазыбек би көшесінің жолын (365м.) орташа жөндеу жұмыстар орындалды.
1. Борсеңгір-Теректі кіре беріс жолын (12 км.) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2. Қарсақбай кентінен темір жол станциясына дейінгі ішкі жолын (4,5 км.) орташа жөндеуге 2023 жылға 159 млн. 697 мың теңге бөлінген, сапа орталығында сараптамадан өткізіліп бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жыланды селосы кіре беріс жолын (10 км.) орташа жөндеу құны 1 млрд 514 млн теңгені құрап, сапа орталығында сараптамадан өткізілді. Жұмыстарды 2023-2024 жылдары орындалады.
Ұлытау ауданының 2023 жылға арналған бюджеті
Ұлытау ауданының 2023 жылға арналған нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 8 млрд. 694 млн. 718,0 мың теңгені, Меншікті кірістері 6 млрд. 216 млн. 315,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде облыстық бюджеттен берілген нысаналы трансферттердің көлемі 2 млрд. 478 млн. 403,0 мың теңге болды. Даму трансферттері – 526 млн. 225,0 мың теңге, бюджеттік кредиттер 129 млн. 375,0 мың теңге, бюджеттік кредиттерді өтеуге 51 697,0 мың теңге көзделген.
Салалар бойынша барлық бюджеттік əкімшілерге аудандық бюджеттен 2 447 289,0 мың теңге қаражаттар жоспарланды.
Оның ішінде:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына – 853 181,0 мың теңге;
Əлеуметтік бағдарламалар саласына — 163 462,0 мың теңге;
Жұмыспен қамту орталығына — 198 853,0 мың теңге;
Мəдениет жəне тілдерді дамыту саласына — 104 139,0 мың теңге;
Қатысу бюджетіне — 101 668,0 мың теңге;
Даму бюджетіне — 1 025 986,0 мың теңге қаржы бөлінді.
2023 жылы ауданның барлық елді мекендерінде құрылыс, абаттандыру жұмыстары, əлеуметтік сала мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ұлытау ауылдық округінде:
— «Ұлытау селосындағы Иманжан көшесінің бойында ұзындығы 2,1 км. болатын өзен жағалауына каскадтар жүйесі мен автокөлік жолдарының құрылысын салу жəне абаттандыру» жұмыстарын бастау үшін ашық конкурс беріліп, мердігер анықталып 2024-2025 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары жүргізіледі;
— «Ұлытау селосы Асатов көшесінде орналасқан жазғы саябақ ішіне жабық жүзу бассейн құрылысын салу» жобасына ЖСҚ жасалынды, сапа орталығында сараптамадан өткізілді. 2024 жылы құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу жоспарлануда;
— Ұлытау селосы, Абай көшесінде 3-қабатты 36-пəтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды;
— Əулиетаудың етегінде Мемлекеттік рəміздер алаңының құрылысы жүргізілуде, құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарлануда;
— Аудан орталығында орналасқан сахна күрделі жөндеуден өтті;
— Ұлытау ауылына Аркадан кіреберіске дейін жарықтандыру бағандары орнатылды;
— «Ұлытау» қонақ үйінің алдына жарықтандырғыш арка орнатылды;
— «Ұлар» саябағына Шағын архитектуралық нысандар орнатылды;
— Аманкелді атындағы көшеде балалардың ойын алаңы салынды; — Мектепке оқушыларды тасымалдауға автобус сатып алынды;
— Аманкелді атындағы көше асфальтталды;
— «Айыртау», «Қызыл үй» елді мекендерінің электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды;
— «Əлеуметтік бағдарламалар жəне халықты жұмыспен қамту бөлімі» мекемесіне абаттандыру жұмыстары жүргізілді;
— «Халыққа қызмет көрсету орталығына» абаттандыру жұмыстары жүргізілді;
— «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мекемесіне абаттандыру жұмыстары жүргізілді;
— Полиция бөлімі алдына демеушілік қаражаттар есебінен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан тəртіп сақшыларына арналған мемориалдық тақта орнатылды
— Ұлытау ауылындағы Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 20 жылдығы көшесіндегі бір пəтерлі үш бөлмелі 10 коммуналдық тұрғын үйлерге жəне Тайжан көшесіндегі бір пəтерлі үш бөлмелі 10 коммуналдық тұрғын үйлерге ИКИ желілерін салу жəне абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
– Ұлытау ауылында ауызсу жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Егінді ауылдық округінде:
— Ауылдық мəдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді жəне жаңа музыкалық аппаратура алынды;
— 32 шақырым жолға қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді;
— Мектепке шағын футбол алаңы орнатылды;
— Əкімдік ғимаратының сыртқы қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— Өрт сөндіру бекеті ашылып, 5 адам жұмыспен қамтылды;
— Трансформатордың майы ауыстырылып, кабель жаңартылды;
— Ауыл ішінде иесіз қалған үй орындары тазартылды.
Қаракеңгір ауылдық округінде:
— Мəдениет үйіне музыкалық аппаратура алынды;
— Ақжар, Алтын Орда көшелерінің жолдары асфальтталды;
— Орта мектептің физика кабинеті жаңадан жабдықталды;
— 25 орындық ФАП/Фельдшерлік акушерлік пункт салынуда;
— Жабық футбол алаңын (ангар) салу жұмыстарын жүргізілуде;
— Балалардың ойын алаңы орнатылды;
Терісаққан ауылдық округінде:
— Ауыз су мұнарасына ағымдағы жөндеу жұмыстары
жүргізілді;
— Полиция инспекторына жаңа автокөлік берілді;
— ФАП/Фельдшерлік акушерлік пункт салынуда;
— Қоскөл елді мекеніне байланыс желісі орнатылды.
— Қияқты сай өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Алғабас ауылдық округінде:
— Алғабас ауылдық клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— Өрт сөндіру бекетіне тіркеуіш (прицеп) алынды;
— Шағын футбол алаңы салынды;
— Мектеп «Соболь» автокөлігімен қамтамасыз етілді.
Аманкелді ауылдық округінде:
— Ауыз су мұнарасы жаңартылды;
— Өрт сөндіру бекетіне өрт сөндіру автокөлігі берілді;
— Мектеп «Соболь» автокөлігімен қамтамасыз етілді;
— Мектепке жылу қазандығы салынды;
— «Кененбай» тоғанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шеңбер ауылдық округінде:
— Балалар ойын алаңы салынды;
— Облыстық, аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде;
Борсеңгір ауылдық округінде:
— «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде Борсеңгір ауылындағы автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді:
— «Теректі-Борсеңгір» автокөлік жолының 18 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— «Теректі-Борсеңгір» автокөлік жолын 6 шақырымын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— Ауылдың ішкі үш көшесіне (Қазыбек би көшесі, Наурыз көшесі, Бейбітшілік көшесі) автокөлік жолдары асфальтталды;
— №10 Борсеңгір орта мектебі ғимаратының 1 қабатына жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— «Робототехника» кабинеті жабдықталды;
— Мектеп кітапханасына жиһаздар алынды;
— Мектептің қасбеті жаңартылды;
— Саябаққа келушілер жүруге арналған тас төсемі (брусчатка) орнату жұмыстары орындалды;
— Ауыл ішінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді (бос үйлердің орның тазалау);
— Мəдениет үйіне музыкалық аппаратура алынды.
Мибұлақ ауылдық округінде:
— 25 орындық ФАП/Фельдшерлік акушерлік пункт салынуда;
— №18 Мибұлақ жалпыға білім беру мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 7-орындық «Газель» автокөлігі бөлінді;
— Иесіз қалған ескі үйлердің орындары тазартылып, қоқыстар шығарылды;
— Көше тренажер алаңы орнатылды;
— Трансформаторлардың майлары ауыстырылып, автоматтар жаңартылып, бір ажыратқыш орнатылды;
— Өрт сөндіру бекеті ашылып, 6 адам жұмыспен қамтылды;
— Ауыз суды тұщыту нысанын салу, су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— Электр бағандарының шамдары айырбасталды;
— Облыстық, аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде;
— Өрт сөндіру бекеті ашылып, өрт сөндіру автокөлігімен қамтамасыз етілді;
— Телефон, Интернет байланысы, қолжетімді интернет жүйесі орнатылды.
-Мибұлақ ауылының басынан 1 жетім балаға үй сатып алынды.
Сарысу ауылдық округінде:
— «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Уалиханов, Сүйінбай көшелері жолдары асфальтталды;
— Сарысу ауылының ішкі жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілд»;
— 25 орындық ФАП/Фельдшерлік акушерлік пункт салынуда;
— Физика кабинетін жарақтандыру, «STEM-лаборатория»; Химия жəне Биология кабинеттері жабдықталды;
— Балалар ойын алаңы салынды;
— Су фильтрі орнатылды, Сейфуллин
— Бейбітшілік көшесінің су құбырын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— Көше жарықтары жаңартылды;
— «Түйемойнақ-Сарысу» аралығындағы 20 км. автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ақтас кентінде:
— Ақтас – Пионер бағытындағы 5-19 км учаскесінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
— № 12 мектеп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
— Пионер елді мекеніне су жүйелерін жаңартуға ЖСҚ сараптамадан өткізу жұмыстарынан жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді.
Қарсақбай кентінде:
— Қарсақбай кентінен ҚТЖ Темір жолға дейінгі автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
— Деев көшесінде автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— Қарсақбай кентінің мəдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
— Балалар ойын алаңы салынды;
— Мектепке 18 адамдық «Спринтер» автокөлігі алынуда;
— Шағын футбол алаңы салынды;
— Су тазалау қондырғысы орнатылды;
— Көшелердің жарық шамдары ауыстырылды;
— Иесіз қалған үй орындары тазартылды.
— Қарсақпай кентінде тұрмыстық қалдық полигонына қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат қағазын алуға құжаттарын дайындауға қаржы бөлінді.
Жанкелді ауылдық округінде:
— 25 орындық ФАП/Фельдшерлік акушерлік пункт салынуда;
— №17 Байқоңыр орта мектебі «Технология» кабинетімен жабдықталды;
— Балалар ойын алаңын салынды;
— Су тазалау құрылғысы орнатылды;
— «Сапаржайдан» ауыл арасын қосатын жолға грейдер салынды.
— Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою жұмыстары жүргізілді.
Қоскөл ауылдық округінде:
— 25 орындық ФАП/Фельдшерлік акушерлік пункт салынуда;
— Қарақұм көтерілісіне қатысушыларға арналған мемориалдық кешен орнатылды;
— Смайлов, Сыздықов көшелеріне жарық орнатылды;
— Ауыз су құбыры жаңартылуда. Жезді кентінде:
— Жезді мектеп-интернатының қоршауына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— Жезді кентінің кəріз жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— Жезді кенті өзенінің арнасын тазалау жұмыстары жүргізілуде, оны 2024 жылы аяқталау жоспарлануда;
— Жазғы саябақты жəне сахнаны ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді;
— Дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы жүргізілуде;
— Аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді;
— Балалар ойын алаңы салынды;
— Екі пəтерлі 3 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, оларды 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда;
— №6 мектеп-интернатынашағын автобус бөлінді;
— жаңадан 2 трансформатор орнатылып, 13 трансформаторлардың майы ауыстырылды.
— Жарықтандыру желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді.
2024 жылға жоспарланған жұмыстар
1) Қаракеңгір ауылында Аманат жəне Жерұйық көшелерінің жолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 90 млн. 129 мың теңге, жергілікті бюджеттен 9 млн. 513 мың теңге жоспарланған;
2) Қарсақбай кентінің темір жол станциясына дейінгі 2,5 шақырымды құрайтын жолын көтерме жөндеу облыстық бюджеттен 51 млн, 402 мың теңге, жергілікті бюджеттен 5 млн. 140 мың теңге жоспарланған;
3) Қарсақбай кентінің Жосалы жəне Байтасов көшелерінің автокөлік жолдарын жөндеу облыстық бюджеттен 67 млн.071 мың теңге, жергілікті бюджеттен 6 млн. 707 мың теңге жоспарланған;
4) Ұлытау селосындағы автокөлік жолдарының асфальт-бетон жамылғысын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 252 млн, 801 мың теңге, жергілікті бюджеттен 14 млн. 728 мың теңге жоспарланған;
5) Сарлық ауылына кіре беріс жолды (10 км.) орташа жөндеуге 2024 жылға жалпы сипаттағы трансферттен 640,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 5 млн. 254 мың теңге бөлу жоспарлануда;
6) Жыланды ауылының кіре беріс жолын (21,27 шақырым) орташа жөндеу жұмыстарына 2024 жылға жалпы сипаттағы трансферттен 619 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 659 млн. теңге бөлу жоспарлануда;
7) Ұлытау облысын əлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС тарапынан «Əулиетау» шыңына апаратын жолдың абаттандыру жəне «Күмісбұлақ» жəне «Тасбұлақ» бұлақтарының аумағын жайластыруға 80,0 млн. теңге бөлу жоспарланған;
8) Ұлытау ауылында су құбырларын реконструкциялауды аяқтауға 68,0 млн. теңге бөлу жоспарланған;
9) Ұлытау кентінде 25 м жабық жүзу бассейнінің құрылысын бастау; Ұлытау ауданында Мемлекеттік рəміздер алаңын салу жоспарлануда;
10) Ұлытау ауылында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы жəне 20 төсектік стационары бар орталық аудандық аурухана құрылысын аяқтау көзделуде;
11) Ұлытау селосының Абай көшесінде 3-қабатты 36-пəтерлік тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жəне пайдалануға қабылдау жоспарлануда.
12) Ұлытау селосы Иманжан көшесі бойындағы өзен арнасына каскад құрылысын бастау жоспарлануда.