Есқұла су құбыры биыл пайдалануға беріледі
Үкімет отырысында еліміздің қалалық және ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау мәселелері талқыланды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша сумен жабдықтаудың қолжетімділігі қалаларда – 98,4%, ауылдарда-94,5%-ға жеткені атап өтілді. Бұл ретте Ұлытау облысында бүгінгі таңда қала халқының 100% — ы және ауыл халқының 95% — ы орталықтандырылған сумен қамтылған.
Экология және табиғи ресурстар министрі З.Сүлейменова ұсынған баяндамаға сәйкес, қазіргі уақытта Үйтас-Айдос топтық суағарын қайта жаңартуды жалғастыруға қаражат бөлу мәселесі пысықталуда.
Министр З.Сүлейменованың айтуынша, құрылысы 2010 жылы басталған Есқұла су құбырын биыл пайдалануға беру жоспарлануда.
Жалпы, өңіріміздің тұрғындарын республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз ету үшін осы жылы жалпы сомасы 7,3 млрд теңгеге тоғыз құрылыс және реконструкциялау жобасын іске асыру жоспарланған.
Жалпы, 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерді орталық сумен 100% қамтамасыз ету, сондай-ақ Жезқазған қаласының тұрғындарын жер асты көздерінен сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті қойылды.