Еріктілер қызметі — белсенді
Ұлытауда «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан бойынша үгіт-насихат материалдарын тарату үшін еріктілер арасынан жасақталған белсенді топ құрылды. Бұл аудандық «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері. Оларды «Nur Otan» партиясы штабы белсенді имидждік өнімдер – күртелермен, бас киімдермен, көп реттік маскалармен, шарфтармен және сөмкелермен қамтамасыз етті.
Бүгінде еріктілер саяси науқанға белсенділік танытуда десек, артық айтқандық емес. Осы күнге дейін біршама тапсырмаларды мінсіз атқарды. Әлі де еріктілердің атқаратын жұмысы көп. Басты шарасы «Nur Otan» партиясын қолдауға арналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, еріктілер жоспарға сай, бірнеше жұмыстарды атқарды. Көшелерге жарнама парақшаларын іліп, сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.
(Материалды жариялау төлемақысы «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының қорынан төленді)