Ережені сақтау – қауіпсіздігік кепілі
Соңғы жылдары Ұлытау ауданы ТЖ бөліміне автокөлік өрттері жағдайлары көп тіркелуде. Оның ішінде далалық жер жолдар мен алыс шалғайларда көп кездеседі. Өрттің шығуына себеп, көліктің астында орналасқан түтін шығаратын құбырдың қызуынан, көлік астына жиналған құрғақ шөптің тұтанып, бензин түтіктеріне от шабуынан болады.
Көп жағдайда қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан туындайды: жанармай еру жүйесінен ағу; көлік ішінде темекі шегу; жанғыш жүктерді тасымалдауда салғырттық болу; жанармай төгіліп, от шығуы.
Далалық жерде машинаның өртке оралған кезде қандай іс-шаралар ұйымдастыру керек.
Көліктің қозғалтқышын сөндіріп, қолмен тежегішті (қол тежегішті) тартыңыз. Жолаушыларды көліктен түсіріп, құжаттарды жинап алыңыз. Өрт ошағын анықтап жəне оның қарқындылығын байқаңыз. Жанармай багінің жанындағы өрт өте қауіпті. Жарылыс кез келген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан жолаушылармен бірге қауіпсіз арақашықтыққа кеткен жөн. Көліктің капотын ашқанда абай болыңыз, ашқан сəтте оттегі ағысы көбейіп, от жалыны күшейіп кетеді. Капоттың құлпын ашарда қолға мата орап алыңыз. Бұл сіздің қолыңызды күйіктен сақтайды.
Өрт сөндіргіштің көбігі (газ) ағысын от ошағына бағыттап, оны өрттің барлық аумағына шашыңыз. Тағы да бір өрт сөндіру тəсілі – ол өрт ошағын біртіндеп өшіріп өрт алаңын басып алу. Ең тиімдісі бірнеше өрт сөндіргіш құралдарын қолдану жəне де қарапайым өрт сөндіру құралдарын біріктіру: құм, брезент, жамылма немесе күртелер (от үстіне жабады), қар, су жəне т.б.; өртті қарқындылық пен шешімді сөндіру қажет. Көлік ішіндегі синтетикалық материалдар белгілі температура деңгейіне дейін қызып жана бастайды, оны сөндіру өте қиын. Жанып жатқан көлік ішінде 1,5 минуттан артық отыруға болмайды; Жанармайдың төгілу нəтижесінде өрт пайда болған жағдайда, бірінші жанармайды өшіріп, содан соң көлікті өшіру керек; Жеке бас қауіпсіздігін де ұмытпаңыз – қолыңызға жанармай жағылып, үстіңіздегі киіміңізге де жанармай сіңуі мүмкін. Жанармай құю бекеттерінде көлікке жанармай құю алдында қозғалтқышты сөндіру керек.
Автокөлік құралдарының электр жабдығы жүйесінде оқшауланған сымдарды пайдалану кезінде қысқаша ұшқындау кезінде оқшауланған жанғыш құрылымдық материалдардың, механиканың ескіруіне байланысты, термиялық əрекеттің əсерінен, электр құрылғы элементтерінің жəне жобалау кезіндегі қорек жүйесінің қате құрылымынан немесе автомобильді жөндеуде, автомобиль жүйесінің техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуынан жануы мүмкін.
Жеңіл автокөліктерде өрт сөндіргіш сол жақта немесе жүргізуші алдыңғы жолаушы орындығының астында орналастырылады. Жүргізуші орындығын қозғаған кезде кедергі жасамауы керек. Жүк көліктерінің кабинасында сол жерде орналастырылады, болмаса басқа артқы бұрышқа жəне кабина қабырғасына орналастыруға болады.
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.