Енді ЖИ Gemini қазақ тілінде жұмыс істейді

Gemini қолданыстағы тілдер тізімін кеңейтіп, қазақ тілін қосты. Осылайша, қазақ тілі жаңадан енгізілген 23 тілдің қатарына енді.

Қазір Gemini сервисінің қазақ тіліндегі интерфейсі веб-нұсқада пайдалануға қолжетімді. Қолданушылар Google аккаунтының тіл параметрлерінен қазақ тілін таңдау арқылы қызметті пайдалана алады. Алдағы уақытта сервис Android және iOS платформаларында да қолжетімді болып, Gemini Live мүмкіндігі іске қосылады деп жоспарлануда.

Қазақ тілінің Gemini жүйесіне енгізілуі Google-дың Қазақстанда жасанды интеллект экожүйесін дамытуға бағытталған ауқымды бастамасының бір бөлігі.