Енді SIM-картаны рәсімдеу үшін биометриялық сәйкестендіруден өту керек
Елімізде азаматтарды интернет-алаяқтардан қорғау бағытында жаңа шаралар қабылдануда. Оған сәйкес SIM-карталарды биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана рәсімдеуге болады. Жаңа талап бизнес иелеріне де қатысты. Қызметтік SIM-карта алатын әр қызметкер жеке басын растауы тиіс. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, енді ұялы байланыс операторлары Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен бірлесіп жұмыс істейді. Күдікті қоңыраулар мен хабарламалар тіркелген жағдайда нөмір тексеріліп, байланыс қызметі бірден тоқтатылады.
