Енді мектеп оқушылары «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім ала алады
«Болашақ» бағдарламасы бойынша гранттар мемлекеттік бюджеттен бөлінеді.
Депутат Асхат Аймағамбетов мәліметінше, бағдарлама бойынша мектепте халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен талапкерлерге шетелде бакалавриатта білім алуға мүмкіндік беру ұсынылады.
«Жетекші шетелдік университеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бірден бакалавриатқа грант ұсынады, соның нәтижесінде олар шетелге кетіп қалады. Осы кезеңде біз тиісті қолдау ұсына алмадық, сондықтан біз жиі мұндай дарынды жастардан айырылып қалдық. Олар тек шетелде білім алып қоймай, кейін сол жақта қалып қоятын еді», – деп түсіндірді Аймағамбетов.
Айта кетейік, қазір «Болашақ» бағдарламасы тек магистратура мен докторантураға арналған.