Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағын көз емдетуге пайдалана алмайды
4 желтоқсаннан бастап зейнетақы қаражатын офтальмологиялық қызметтерді төлеуге пайдалануға тыйым салынады. Денсаулық сақтау министрлігі БЖЗҚ қаражатын емделуге пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізді. Жаңа ережеге сәйкес, зейнетақы жинағын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді.

Қазіргі уақытта «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15 808 өтінім түскен.
«Отбасы банк» АҚ мәліметінше, стоматологиялық қызметтерге өтінім қабылдау тоқтатылғаннан кейін көз емдетуге сұраныс 7 есеге артқан.
