Эльмира Сыздықова қырғыз балуанынан жеңілді
Токио Олимпиадасында 75 келі салмақ дәрежесіне дейін әйелдер арасында бозкілемге шыққан қазақстанды балуан Эльмира Сыздықова алғашқы айналымнан өте алмай қалды.
Оның қарсыласы қырғызстандық Айпері Медетқызы болды. Екеуара кездесу 8:1 есебімен қырғызстандық Айпері Медетқызының еншісіне шешілді.
Қырғызстандық Айпері Медетқызы финалға шыққан жағдайда Қазақстан спортшысы Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.
Айта кетерлігі, жарыстың бірінші күні кілемге грек-рим күресінің балуандары да белдеседі. Ерлер арасында 60 келіде Мейрамбек Айнағұлов шығады.