Елімізде тағы бір құжат цифрлы форматқа көшірілмек
Бұл көліктің техникалық байқаудан өткендігін растайтын диагностикалық карта.
Күзден бастап жүргізушілерге оны өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Өйткені ол жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, техпаспорт секілді Электронды үкіметтегі жеке кабинетте тұрады.
Қазір IT-мамандар техникалық жұмыстарды пысықтап жатыр.