Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды
Биыл 1 қазаннан бастап қазақстандық пойыздарда жол жүру құнын 20 пайызға арттыру жоспарланып отыр.
Бұған дейін Көлік министрлігінің баспасөз қызметі бұл өсім біршама бағытқа әсер ететінін хабарлаған болатын. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушылар бағыты жүріп жатыр, оның 62-сінде тариф бағасы өседі.