Елімізде медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енді

Елімізде медицина қызметкерлерін, дәрігерлерді, жедел жәрдем дәрігерлері мен жүргізушілерін шабуылдан қорғайтын арнайы заң қабылданды. Аталған заң күшіне енгелі қазір ақ халаттылардың қызметі қауіпсіз бе? Анығын білу үшін «AMANAT» партиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Халық сөзі» жобасы Қарағанды қаласына келді.

