Елімізде биыл паспортты рәсімдеу қызметі қымбаттайды
Қазақстанда биылдан бастап жеке куәлікті алғаш рет рәсімдегенде немесе мерзімі аяқталған жағдайда ауыстырғанда мемлекеттік баж салығы төленбейді.

Миграциялық қызмет комитетінің дерегіне сәйкес, 2025 жылы елде шамамен 2 млн жеке куәлік берілген.
Ал шетелдік паспортты рәсімдеу биыл қымбаттайды. Себебі көптеген мемлекеттік қызметтер айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланған, ал биыл оның мөлшері 4 325 теңгеге дейін өседі.
Соған сәйкес, ересектерге арналған паспорт 34 600 теңге, ал 16 жасқа дейінгі балаларға –17 300 теңге тұрады. Өткен жылы бұл құжатты ел бойынша миллионнан астам адам алған.
