Елімізде бірыңғай QR іске қосылды
13 қарашадан бастап Қазақстанда дүкендер мен түрлі қызмет көрсету орындарында бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау жүйесі ресми түрде іске қосылды.

«Нарық пен трафикті бөліскісі келмейтін ірі экожүйелер бар екенін мойындау керек. Дегенмен, банктер арасындағы конструктивті диалог пен шағын қаржы ұйымдарының қолдауы арқасында барлық техникалық және реттеуші мәселелер шешілді», деді Тимур Сүлейменов.
