Елімізде бензин шығару көлемі 70%-ға дейін өскен
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елдегі жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, соңғы 5 жылда елімізде бензин шығару көлемі 70 пайызға, ал, дизельдік отын өндіру 30 пайызға артқан.
Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн.тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн.тонна шикі мұнай өнделеді.
Соңғы 5 жылда біз бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін), дизельдік отынды — 30%-ға өсірдік (4 млн-нан 5,2 млн. тоннаға дейін), — деді Болат Ақшолақов.