Елімізде алғаш рет халық аудан және облыстағы қала әкімдерін өздері сайлайды

5 қараша күні 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтеді.

Сайлауды өткізу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінбейді. Ал жергілікті бюджет есебінен 2,2 млрд теңге қарастырылған.

Ал сайлауға сотталғаны заңды белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған адам, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңда белгіленген тәртіппен танылған адам кандидат бола алмайды.