Елімізде 19 миллионыншы тұрғын дүниеге келді

Қазақстан Республикасындағы халық саны ресми түрде 19 млн тұрғынға жетті. Он тоғыз миллионыншы тұрғын Алматы облысында дүниеге келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Твиттер» желісінде жазды.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді», — деп жазды Президент.