Елдің сенімі – басшының серігі
Еліміз егемендік алып, тəуелсіз мемлекет болған 30 жылдың ішінде бірнеше рет Президент сайлауын бастан өткердік. Ол сайлаулардың қалай өткені халықтың қаперінде.
Ал биылғы 2022 жылдың 20 қарашада өтетін сайлаудың жөні мүлде бөлек. Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынғанда «Əділетті Қазақстан құру жолында, түбегейлі жанжақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет» деп атап көрсете келіп, мен үшін мемлекет мүддесі бəрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімді қысқартуға жəне кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын — деді.
Əділетті Қазақстан жаңару мен жаңғыру уақыт талабы. Елдің əлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыруға оң өзгерістер жасап, оны жүзеге асыруымыз керек. Ол үшін Мемлекет басшысына деген халықтың сенімі мен қолдауы ауадай қажет. Халықтың сенімі – басшының мықты серігі.
Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Əділетті Қазақстан құрудағы реформаларын қолдаймын.
Мұратбек ДҮЙСЕБЕКОВ,
№1 Ұлытау орта мектебінің мұғалімі.