Ел игілігіне берілген баспана

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ұлытау ауданының орталығында бой көтерген үшқабатты, 24 пәтерлі үйдің кілттері көпбалалы аналарға тапсырылған болатын. Құрылыс жұмыстарын «Сары-Арқа» ЖШС жүргізді. «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ұлттық қор мен облыс бюджеті қаржысы есебінен «Ұлытау ауданы ТҮКШ, АЖ. ЖК және ТҮИ бөлімі» ММ ашық конкурс арқылы сатып алу жұмыстарын жүргізді.

Үйді алудың нысаналы мақсаты – Ұлытау ауданы бойынша көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету. Үйдің жалпы құны 365 464 мың теңгені құрайды. Орта есеппен – 4 бөлмелі пәтер құны 17 000 млн. теңге, 3 бөлмелі – 13 000 млн. теңге.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тізімінде 38 азамат тіркелген. Оның ішінде 12 азамат «Тұрғын үй қатынастары» Заңы, 73 бабының 1 тармағы, 1 және 2 тармақшаларына сәйкес кезектен алынды.

2021 жылғы 15 желтоқсандағы Тұрғын үй комиссиясы отырысының №1 хаттамасына сәйкес, пәтерлер 24 отбасыға бөлінген. Оның ішінде 17 отбасы әртүрлі себеппен үй алудан бас тартты. 2022 жылдың 5 қаңтары күні өткен комиссия отырысында кезекке жаңадан тұрған отбасыларға бөлінген. Қазіргі таңда жоғарыда аталған үйде 11 отбасы тұрады.

Бүгінгі күні аудан әкімдігінің мемлекеттік тұрғын үй корынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде 160 азамат тұр. Атап айтқанда:

— Жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тізімінде – 10 азамат;

— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тізімінде – 15 азамат;

— Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары тізімінде – 56 азамат;

— Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 83 азамат;

— Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар тізімінде – 10 азамат.

Аталған үй «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сатып алынған. «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 13 бабы, 7 тармақшасына сәйкес берілген пәтерлер жекешелендіруге жатпайды.

Жаңадан салынған үйге арнайы жылу қазандығы орнатылған, газ сақтайтын 20 кубтық резервуар, табиғи газ тұтынатын 2 жылу қазандығы, 2 сорғы (негізгі және резервтік), су қорын жинайтын резервуар, автоматтандырылған басқару пульті, авариялық жағдайда қосатын электрқозғалтқышымен жабдықталған.

Тұрғын үйді ауызсумен толық қамтамасыз ету мақсатында жертөлеге су сорғысы орнатылған.

Үй төңірегіне абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен үй ауласында балалар ойын алаңын салу жоспарлануда.

Бақтияр ПАРДАБЕКОВ,

«Ұлытау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

ММ басшысы.