Egov.kz порталында құжаттарға өзгеріс енгізуге болады

Енді қазақстандықтар eGov.kz порталында туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу, қайтыс болу туралы актілік жазбаларға өзгеріс енгізе алады. Бұл қызметті электрондық үкімет порталының «Азаматтарға» — «Отбасы» бөлімінен табуға болады.

Құжаттарға өзгеріс енгізуге өтініш беру үшін не істеу керек?
Egov.kz порталында авторизациядан өту;
Қызметтін түрін, куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдау;
Отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсету;
Актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсету, оған өзгерістер енгізу;
Акт жазбасы үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажеттігін көрсету;
Өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеу;
Төлем жасау;
Өтінішке қол қою КЕРЕК.